Тарихы

Бәрі қалай басталды.

"БТА Ипотека" Ипотекалық ұйымы" АҚ қызметінің негізгі түрі ипотекалық несиелендіру болып табылатын бірінші 100% жекеше компания болып табылады.
Компания 20 қараша 2000 жылы Қазақстан Республикасының ең ірі үш банктерінің бірі – «ТұранӘлем Банкі» АҚ-мен құрылды.
Бүгінгі күні Компания ипотекалық несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады, себебі Қазақстанның әрбір бесінші заем алушы БТА Ипотека Компаниясының клиенті болып табылады.
2005 жылдың қараша айында компания өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтті. Компаниямен бірге бұл қуанышты оқиғаны 2004 жылдың 1 мамырына дейін несие алған, оң несие тарихы бар үздік заем алушылар да атап өтті.
БІЗ:
  • Тұңғыш қазақстандық жекеше ипотекалық компания;
  • Ипотекалық куәлікті бағалы қағаз ретінде пайдалануды бастаған Қазақстандағы тұңғыш компания;
  • Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыра отырып, бастапқы жарна мөлшерін төмендеткен Қазақстандағы тұңғыш компания;
  • Ипотекалық пакеттер түсінігін қолданған және клиенттерге әр түрлі ипотекалық өнімдердің толық аясын ұсынған Қазақстандағы тұңғыш компания;
  • Ипотекалық заем шарттары бойынша (ипотекалық куәліктер кепілдігімен қоса) талап ету құқығының кепілдігімен қамсыздандырылған, ипотекалық облигацияларды шығарған екінші жекеше компания.
Компанияның өнімдік стратегиясы клиенттердің ең кең тобының сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Аталмыш стратегияны жүзеге асыру үшін компания ипотекалық пакеттер деп аталатын, ипотекалық несиелер параметрлерінің арнайы жинақтарын жасақтады. Қазіргі кезде БТА Ипотека несиелеудің шамамен 20 астам әр түрлі пакеттерін ұсынады.
БТА Ипотека Компаниясы заемдық операцияларын жүргізуге Қазақстан Республикасының қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің (ҚҚА) лицензиясына ие болды.
Бүгінгі таңда, "БТА Ипотека" компаниясы Қазақстан Республикасының ипотекалық несиелендіру нарығындағы ірі операторлардың бірі болып табылады. Әр түрлі бағалар бойынша жаңадан берілген тұрғын үй ипотекалық несиелердің шамамен 30-40% компания қызметінің нәтижесі болып табылады.
Қазіргі кезде Алматы қаласында орталық кеңсе, сондай-ақ Қазақстанның 17 қаласында компанияның өкілдіктері табысты еңбек етуде.
Компания келесі негізгі бағыттар бойынша ипотекалық несиелендіруді дамытады:
  • Қайталама нарықта тұрғын үйді сатып алуға несие беру;
  • Бастапқы нарықта тұрғын үйді сатып алуға несие беру;
  • Меншіктегі тұрғын үйді жөндеуге несие беру;
  • Жеке коттедждердің құрылысына несие беру;
  • Комерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға несие беру;
  • Меншіктегі коммерциялық жылжымайтын мүлікті қайта құруға және жөндеуге несие беру;
  • Көп пәтерлі тұрғын үйлер, тұрғын үй қалашықтарының құрылысын қаржыландыруды ұйымдастырып, салынған үйді сатып алушыларға ипотекалық несие беру.
"БТА Ипотека" Ипотекалық ұйым" АҚ компаниясының жұмысындағы ерекше элементтер:
  • Жан-жақты және білікті консультация;
  • Жылжымайтын мүліктің шынайы нарықтық бағасы;
  • Несиелер бойынша ұсынылатын деректердің анықтығы;
  • Нотариуста сатып алу-сату шартын бекіту фактісі бойынша ақша беру;
  • Несие алған соң тегін қызмет көрсету.